СҮЗГІ
СҮЗГІ
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Micro RGB TV теледидары дегеніміз не?Micro RGB — бұл кескін сапасының жаңа стандарттарын белгілейтін Samsung компаниясының инновациялық флагмандық теледидарлар желісі. Фосформен қапталған көк жарықдиодтарды пайдаланатын кәдімгі LED теледидарлардан немесе көк жарықтандыруы мен Quantum Dot қабаты бар Mini LED жарықдиодтары қолданылатын Neo QLED сияқты Mini LED теледидарлардан айырмашылығы, Micro RGB теледидарларында жарықтандыру блогы ретінде микроөлшемді1 RGB элементтері қолданылады. Осы озық технологияның арқасында әр сахна үшін түс пен жарықтылықты дәл басқару (жергілікті күңгірттеу) мүмкін болды, бұл түстердің қанық, таза және шындықтан айнытқысыз болуын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтсақ, Samsung Micro RGB теледидары BT.2020 кең түс гаммасының2 100% қамтиды, бұл — UHD телехабарларын таратуға арналған түс кеңістігін анықтайтын халықаралық стандарт. Мазмұнға толық шомуды қалайтындар үшін Micro RGB теледидарлары кез келген мазмұнды, соның ішінде фильмдерді көру кезінде тамаша әсер сыйлауға арналған. Озық HDR технологиясымен, Dolby Atmos көлемді дыбысымен және CES 2026 көрмесінде таныстырылған 75", 85", 115" және тіпті 130" аса үлкен экран өлшемдерімен жабдықталған бұл теледидарлар ойын-сауық әлеміне ұмытылмас саяхат жасауға мүмкіндік береді. Олар осы жылдың соңында сатылымға шығады. (1. Әрбір қызыл, жасыл және көк жарықдиодты жарықтандыру элементінің өлшемі <100 мкм құрайды. VDE сертификатына ие. 2. Өнімдер Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) бекіткен UHD (4K) BT.2020 түстік стандартына сәйкес VDE сертификаттау критерийлері негізінде бағаланып, «Micro RGB Precision Color» технологиясы бойынша сертификатталады.)
-
RGB LED және Samsung Micro RGB теледидарларының айырмашылығы неде?RGB LED теледидарлары әдеттегі LED теледидарларынан құрылымы және фондық көмескі жарықтарының жұмыс істеу принциптерімен түбегейлі өзгешеленеді. Samsung компаниясының Crystal UHD сияқты кәдімгі LED теледидарлары түстерді шығару үшін фосформен біріктірілген көк жарықдиодтарға сүйенеді. Ал RGB LED теледидарлары әрбір RGB жарықдиодын жеке басқарады, бұл шынайы кескін үшін кеңірек және қанық түстер гаммасын қамтамасыз етеді. RGB LED теледидарлары санатына жататын Samsung Micro RGB теледидары микроөлшемді RGB жарықтандыруын қолдану арқылы инновацияларды жаңа деңгейге көтереді. Бұл озық технология түстердің ерекше детальдануын, қанықтылығын және HDR-дің тамаша өнімділігін қамтамасыз етеді. Samsung Micro RGB теледидарының басты ерекшелігі — Micro RGB AI Engine Pro (R95H) процессоры. Бұл қуатты жасанды интеллект процессоры кескін мен дыбыс сапасын ақылды түрде оңтайландырып, жарықтандыруды дәл басқару арқылы теңдессіз көру тәжірибесін ұсынады.
-
Micro RGB теледидарларының ерекшелігі неде?Samsung Micro RGB теледидарлары әдеттегі LED теледидарларынан құрылымы және фондық көмескі жарықтарының жұмыс істеу принциптерімен түбегейлі өзгешеленеді. Samsung компаниясының Crystal UHD сияқты кәдімгі LED теледидарлары түстерді жасау үшін фосформен біріктірілген көк жарықдиодтарды пайдаланады. Ал Samsung Micro RGB теледидарлары микроөлшемді RGB жарықдиодтарын қолданады, бұл жарықтылықты дәл басқаруға және түстердің ерекше тазалығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл технология визуалды сапаның жаңа стандартын белгілейді.
Атап айтқанда, жетілдірілген фондық көмескі жарық технологиясымен өз санатындағы үздік Samsung ТД процессоры болып табылатын Micro RGB AI Engine Pro технологиясын үйлестіре отырып, Micro RGB теледидары кескін мен дыбыстың теңдессіз сапасымен қамтамасыз етеді. Ол түстерді шығаруда озық — RGB жарықтандыруын дәл басқару және Color Booster Pro2 технологиясының арқасында BT.2020 кең түс гаммасының1 100% қамтиды. Бұл технология мазмұндағы күңгірт реңктерді анықтау және түстерді жақсарту үшін жасанды интеллектіні пайдаланып, шынайы көрінетін қанық визуалды бейнелер жасайды. Сонымен қатар, AI Sound Controller Pro3 аудионы нақты уақыт режимінде диалогтарға, музыкаға және эффектілерге бөледі, бұл дыбысқа толық шому үшін әрбір жолдың дыбыс деңгейін дәл басқаруға мүмкіндік береді.
Ал егер сіз Samsung-тың премиум Micro RGB теледидар моделі R95H-ты таңдасаңыз, Glare Free4 технологиясының арқасында жарық шағылысуын азайтып, анығырақ әрі жайлырақ көру мүмкіндігіне ие боласыз.
Сонымен қатар, Samsung Micro RGB теледидарлары кез келген интерьерді толықтыратын талғампаз, минималистік дизайнмен жасалған және теңдессіз ойын-сауық тәжірибесін ұсынады.
(1. Өнімдер Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) бекіткен UHD (4K) BT.2020 түстік стандартына сәйкес VDE сертификаттау критерийлері негізінде бағаланып, «Micro RGB Precision Color» технологиясы бойынша сертификатталады.)
(2. Кескін сапасы бастапқы мазмұнның сапасына байланысты өзгеруі мүмкін.)
(3. Функциялардың қолжетімділігі мен өнімділігі қаралатын контент пен қолданылатын қолданбаларға байланысты өзгеруі мүмкін.)
(4. "Жарқылсыз" сипаттамаларды тексеру UL Solutions компаниясының біріздендірілген жарқырауды бағалау шкаласы (UGR) бойынша бағалау негізінде жүргізілді. Растау келесі жағдайларда беріледі: UGR шағылысатын жарқылы ≤ 10, UGR жайсыз жарқылы ≤ 22, UGR ақаулы жарқылы ≤ 34. Нәтижелер ішкі жарықтандыру жағдайында жүргізілген сынақтарға негізделген.) -
Micro RGB теледидары сатып алуға тұрарлық па?Иә, Samsung Micro RGB теледидарын сатып алуға әбден тұрарлық. Samsung Micro RGB теледидары флагмандық премиум модель ретінде үйде нағыз кинотеатр атмосферасын сезінгісі келетіндер үшін тамаша таңдау болып табылады. Микроөлшемді RGB фондық көмескі жарығы қамтамасыз ететін, түс пен жарықтыққа арналған жергілікті көмескілеу технологиясының арқасында Samsung Micro RGB теледидары түстерді таң қаларлықтай дәл береді, керемет жарықтықпен және қанық қара түспен қамтамасыз етеді. Кескіннің әсерлі сапасынан бөлек, Samsung Micro RGB теледидары түстерді ерекше жеткізуімен танымал — ол RGB жарықтандыруын дәл басқару және Color Booster Pro2 технологиясының арқасында BT.2020 кең түс гаммасының1 100% қамтиды. Бұл технология мазмұндағы күңгірт реңктерді анықтау және түстерді жақсарту үшін жасанды интеллектіні пайдаланып, шынайы көрінетін қанық визуалды бейнелер жасайды.
Сонымен қатар, Samsung-тың премиум Micro RGB теледидар моделі R95H Glare Free3 технологиясын ұсынады, бұл жарық шағылысуын азайтып, анығырақ әрі жайлырақ көруге мүмкіндік береді.
(1. Өнімдер Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) бекіткен UHD (4K) BT.2020 түстік стандартына сәйкес VDE сертификаттау критерийлері негізінде бағаланып, «Micro RGB Precision Color» технологиясы бойынша сертификатталады.)
(2. Кескін сапасы бастапқы мазмұнның сапасына байланысты өзгеруі мүмкін.)
(3. "Жарқылсыз" сипаттамаларды тексеру UL Solutions компаниясының біріздендірілген жарқырауды бағалау шкаласы (UGR) бойынша бағалау негізінде жүргізілді. Растау келесі жағдайларда беріледі: UGR шағылысатын жарқылы ≤ 10, UGR жайсыз жарқылы ≤ 22, UGR ақаулы жарқылы ≤ 34. Нәтижелер ішкі жарықтандыру жағдайында жүргізілген сынақтарға негізделген.) -
Micro RGB теледидары кино көру үшін жақсы ма?Иә, Samsung Micro RGB теледидары иммерсивті фильм қарау тәжірибесіне толықтай шому үшін керек негізгі элементтерді қамтамасыз етуге оңтайландырылған, оның ішінде HDR дәл градациясы бар егжей-тегжейлі түстер шығару, көлемді дыбыс және үлкен экран – осының барлығы шынайы кескін сапасы үшін қажет. Микроөлшемді RGB фондық көмескі жарықтарын басқаратын Micro RGB технологияларының арқасында экрандағы әр көрініске дәл, шынайы түстердің кең спектрінің арқасында жан бітеді. Микроөлшемді фондық көмескі жарықтарды асқан дәлдікпен басқарудың арқасында Micro RGB HDR Pro технологиясы жарық ақ дақтардан бастап, қою қара көлеңкелерге дейін – ашық және қараңғы кадрлардағы барлық бөлшектерді анықтайды. Бұған қоса, Dolby Atmos аудиожүйесінің арқасында оқиға ортасында жүргендей сезім тудыратын көпөлшемді дыбыс эффектісімен қамтамасыз етеді. Samsung-тың премиум Micro RGB теледидар моделі R95H сонымен қатар Glare Free1 технологиясын ұсынады, бұл жарық шағылысуын азайтып, кескінге барынша назар аударуға мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, егер сіз теңдессіз кескін сапасын, қанық түстерді және озық технологияларды іздесеңіз, Samsung Micro RGB теледидары — ең жақсы таңдау. (1. "Жарқылсыз" сипаттамаларды тексеру UL Solutions компаниясының біріздендірілген жарқырауды бағалау шкаласы (UGR) бойынша бағалау негізінде жүргізілді. Растау келесі жағдайларда беріледі: UGR шағылысатын жарқылы ≤ 10, UGR жайсыз жарқылы ≤ 22, UGR ақаулы жарқылы ≤ 34. Нәтижелер ішкі жарықтандыру жағдайында жүргізілген сынақтарға негізделген.)
Функционалды мүмкіндіктері алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Samsung Smart TV кейбір функциялары жеке деректерді жинауға және пайдалануға тікелей келісімді көрсетусіз қолжетімсіз болуы мүмкін.